Басты бет Қоғам Тәуелсіздік мерекесінде бір күн ғана демалыс беріледі

Тәуелсіздік мерекесінде бір күн ғана демалыс беріледі

Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы жаңартылған заңға сәйкес енді Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда бір күн ғана тойланады.

©көрнекі фото

Ал 25 қазанда мемлекеттік мереке – Республика күні атап өтіледі.

«Осыған байланысты мереке күндері жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қаулыны толықтыру ұсынылады, онда демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарланған», — делінген заң жобасында.

Осылайша, 22 қазан, сенбі жұмыс күні болып, Республика күні қазақстандықтар 23, 24 және 25 қазан 3 күн демалады.

Қазақстанда тұңғыш президент күні мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылды. Сәйкесінше, 1 желтоқсанда қазақстандықтар жұмыс істейді.

Exit mobile version