Басты бет Қоғам «Ауыл» партиясының атынан президент сайлауына Жигули Дайрабаев қатысады

«Ауыл» партиясының атынан президент сайлауына Жигули Дайрабаев қатысады

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтіп, алдағы президент сайлауына партия атынан Жигули Дайрабаев қатысатын болды.

Фото: Eldala.kz

Партия төрағасы Әли Бектаев кезектен тыс саяси кеңестің шешімі бойынша президент сайлауына үміткер ретінде Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Молдахалықұлы Дайрабаев ұсынылатынын айтты.

«Ауыл» партиясының саяси кеңесі кезектен тыс президент сайлауында президенттікке кандидат ретінде партияның атынан Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Дайрабаев Жигули Молдахалықұлының кандидатурасын съез қарауына ұсынады», — деді Әли Бектаев.

Съезге қатысқан делегаттар Жигули Дайрабаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдап дауыс берді.

Exit mobile version