Басты бет Жаңалықтар ІІМ: Қазақстанға келген ресейліктің жартысынан көбі кетті

ІІМ: Қазақстанға келген ресейліктің жартысынан көбі кетті

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қазақстанға келген Ресей азаматтарының жартысынан көбі елден шығып кеткенін айтты.

Фото: GoGetNews.info

«100 мыңға жуық адам кірді, бүгінде олардың 65%-і шығып кетті. Кешегі күні  64 мыңнан астамы елімізден кетіп қалды», — деді Марат Қожаев Мәжіліс кулуарында. 

Ол бір апта ішінде Ресейден келген иммигранттар бірде-бір қылмыс немесе құқықбұзушылық жасамағанын айтты.

«Көбіне заңға бағынатын азаматтар, өмір сүруге ресурсы бар кезде келеді. Олар құқықбұзушылық жасаған жағдайда, әрине, қарапайым азамат сияқты шаралар қабылданады. Заң барлығына бірдей. Егер олар көші-қон заңнамасын бұзса, онда елден шығарылады, егер қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Біз шекарада және олар орналасқан жерлерде көші-қон процестерін бақылаймыз. Біз әлеуметтік желілерде де, БАҚ-та да профилактикалық жұмыстар жүргізіп, мақсатты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — деді ол.

Exit mobile version