Басты бет Қоғам Тоқаев: Ресейліктерге қамқорлық көрсетуіміз керек

Тоқаев: Ресейліктерге қамқорлық көрсетуіміз керек

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстанға келіп жатқан ресейліктер легі туралы айтты.

Фото: Борт N1 Telegram-каналы

Бұл туралы tengrinews.kz тілшісі жазды.

«Қазақта «көршімен татудың көңілі тоқ» деген сөз бар. Ең бастысы, іргелес елдермен тату болуымыз керек. Бұдан еш ұтылмаймыз. Соңғы күндері Ресейден көп адам келе бастады. Олар қазіргі ахуалға байланысты амалдың жоқтығынан келіп жатыр. Біз де қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігіне мән беруіміз қажет. Бұл — саяси және гуманитарлық мәселе. Осы мәселені мен 8кіметке тапсырдым», — деді Тоқаев.

Ол сырттан келгендерге көмек көрсетілетінін, бірақ жеңілдік жасалмайтынын ескертті.

«Бізде ешқандай дағдарыс жоқ, дүрбелең де жоқ. Үкімет өз жұмысын атқаруы керек. Жұмыстың бәрі заң бойынша, келісімдер бойынша жүргізіледі», — деді ол.

Exit mobile version