Басты бет Жаңалықтар Петропавлда ресейліктерге қатысты фейк тарады

Петропавлда ресейліктерге қатысты фейк тарады

Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Петропавлда Ресей Федерациясынан келген адамдарды COVID-19 жұқтырғандарға арналған госпитальге орналастырып жатқаны туралы ақпарат тарады. Stopfake сайты оның шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Иллюстрация: Istockphoto.com/©Bplanet

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл — фейк», — деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де бұл хабарлама жалған деп мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл мәселе СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бақылауында», — делінген министрліктің хабарламасында.

Сонымен бірге басылым әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі арандатушылық хабарламаларға сенбеуге шақыратынын айтты.

Exit mobile version