Басты бет Жаңалықтар Павлодарда жасөспірім 14-қабаттан секіріп кетті

Павлодарда жасөспірім 14-қабаттан секіріп кетті

Павлодарда жасөспірім бала 14-қабаттан құлап, қазап тапты. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«25 қыркүйекте Павлодар полициясына 18.00 мен 19.00 аралығында Назарбаев даңғылы №50 үйдің 14-қабатынан 2007 жылы туған жасөспірім құлап кеткені туралы хабар түсті. Жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған», — деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажет сараптама жұмысы белгіленді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Exit mobile version