Басты бет Жаңалықтар Келесі апта Астанада қар жаууы мүмкін

Келесі апта Астанада қар жаууы мүмкін

Қазгидромет синоптиктері келесі аптада Астанада алғашқы қар жаууы мүмкін екенін хабарлады.

Алматыдағы қар, 8 ақпан. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алдағы демалыс күндері ауа райы болжамына сәйкес, жазғы ыстық ауа райы әлі де сақталады, бірақ келесі аптаның басында күзгі жаңбырлы салқын ауа райы күтіледі.

24-25 қыркүйекте Астанада көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-8 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде ауа температурасы 31 градусқа дейін көтерілсе, түнде 10-13 градусқа дейін төмендейді.

26 қыркүйекте әлдеқайда салқын болады — күндіз 20 градусқа дейін, түнде 13-15 градусқа дейін. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел секундына 9-14 метрге дейін күшейеді.

Кейін температура төмендейді:

  • 27 қыркүйекте күндіз 14 градус жылы, түнде 9 градус жылы, кейде жаңбыр жауады, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді;
  • 28 қыркүйекте күндіз 8 градус жылы, түнде 3 градус жылы, өткінші жаңбыр жауып, қар жаууы мүмкін, сонымен бірге, солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады;
  • 29 және 30 қыркүйекте күндіз 8 градусқа дейін жылынады, бірақ түнде алғашқы аяздар келеді — жауын-шашынсыз, 0 градусқа дейін төмендейді деп болжады.

Exit mobile version