Басты бет Жаңалықтар Павлодарда 15 оқушы ауруханаға түсті

Павлодарда 15 оқушы ауруханаға түсті

23 қыркүйекте Павлодардағы орта мектепте белгісіз біреу мектептің екінші қабатына бұрышты газ баллонын шашқан. 15 бала ауруханаға жеткізілді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Павлодар қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Тілекжан Галямов мектептен 672 оқушы эвакуацияланғанын мәлімдеді.

«15 бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында екі жедел жәрдем көлігі жұмыс істеп жатыр», -Тілекжан Галямов.

Полиция қызметкерлері мен Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Exit mobile version