«Барлығына қарсы» бағаны заң бойынша қарастырылған. Әрине, ол болады. Азамат бірде-бір кандидатты таңдамаса, барлығына қарсы дауыс беруге құқылы», — деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бағанды енгізу туралы 21 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауында айтқан болатын.