Басты бетҚоғамАбай облысы...

Абай облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды

Тағайындау конкурстық рәсімдердің нәтижесі бойынша жүзеге асты. Бұл туралы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Садырбаев Айдар Серікқазыұлы Семей облысы Жаңасемей ауданы Новопокровка ауылында дүниеге келген.

2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін тарих мамандығы бойынша бітіріп, Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданына қарасты Переменовка ауылының орта мектебінде мұғалім болған.

Бородулиха ауданы мен Семей қаласының ішкі саясат бөлімдерінде нұсқаушы, жетекші және бас маман, басшының орынбасары, басшы, Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып, жаңа тағайындауға дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.