Басты бет Жаңалықтар Ұлттық банктің долларға қатысты ресми бағамы белгіленді

Ұлттық банктің долларға қатысты ресми бағамы белгіленді

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 474- 479 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: Kursiv.kz

Kurs.kz дерегінше, елордада 1 доллар 475 – 479 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 474– 477,5 теңге аралығында құбылып тұр.

15 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 0, 76 теңгеге қымбаттап, 474, 60 теңге болды.

Ұлттық банктің 16 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 474, 19 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35 – 7,55 теңге аралығында ұсынылып отыр.

Exit mobile version