Басты бет Жаңалықтар Нұр-Сұлтанда жылыту маусымына дайындық басталды

Нұр-Сұлтанда жылыту маусымына дайындық басталды

Нұр-Сұлтанда жылыту маусымына дайындық басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Астанада жылу беру маусымы орташа тәуліктік температура бес күн бойы плюс он градустан төмен болғанда басталады. Бүгінде алдағы жылу беру маусымына дайындық жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Электр қосалқы стансаларына жөндеу жұмыстары аяқталды, барлық су құбыры және канализация желілері дайын, — деді отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Байсадықов.

Оның айтуынша, жылу және электр желілері нысандарын күрделі жөндеу қыркүйектің соңына дейін, ал білім және денсаулық сақтау нысандарын дайындауды 23 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып жатыр.

Тұрғын үй қорының жылуды қосуға дайындығы бүгінде 85% құрайды. Құрылысы аяқталмаған үйлердің тұрғындарына өтініш білдіргім келеді. Үйлеріңізді жылу маусымына дайындауға белсене атсалысыңыздар, меншік иесі немесе жалға алушы болсаңыздар да, жалпы жиналыстарға қатысуларыңызды сұраймын, — деді Байсадықов.

Exit mobile version