Басты бет Жаңалықтар Тоқаев Самарқандта өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады

Тоқаев Самарқандта өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр. Өзбекстанда президент басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді, — делінген ұсынылған хабарламада.

Еске салайық, 7 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібі жөнінде әңгімелескен болатын.

Exit mobile version