Басты бет Жаңалықтар Тоқаев ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Тоқаев ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты.

Фото: Akorda.kz

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Армения Республикасының ұсынысымен өткен отырыс бейнебайланыс режимінде өтті.

Сонымен қатар саммитке Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович, ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков қатысты.

Мемлекеттер басшылары әзербайжан-армян мемлекеттік шекарасында болған оқиғаларға қатысты Армения премьер-министрінің мәліметін тыңдады.

Қазақстан президенті сессияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде қақтығысты тек саяси-дипломатиялық жолдармен шешу қажет екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды тұрақтандыру үшін мүмкін болған барлық шараны қабылдауға, күштік құрылымдарды пайдаланудан бас тартуға, шұғыл түрде келіссөз жүргізуге шақырды.

Exit mobile version