Басты бет Жаңалықтар Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынады

Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынады

Алматыда Боралдай елді мекенінде үшінші теміржол вокзалы салынады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың XXV сессиясының отырысында қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев айтты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Оның айтуынша, Алматы-3 вокзалының құрылысын «Қазақстан темір жолы» АҚ ұсынған. Бұл жолаушылар ағынының жүктерін түсіруге мүмкіндік береді.

Қазір Саин көшесі арқылы Боралдай ауданына қатынайтын негізгі жол салу жоспарланып отыр. Жаңа вокзал Алматының бүкіл батыс аймағын қамтиды. Үшінші вокзалдың базасында көлік-логистикалық хабты дамытуға болады, — деді Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.

Exit mobile version