Басты бет Қоғам Тоқаев ІІІ Чарльздің таққа отырғанына құтты болсын айтты

Тоқаев ІІІ Чарльздің таққа отырғанына құтты болсын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің королі ІІІ Чарльзге оның таққа отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

ІІІ Чарльз. Фото: Zuma\TASS

«Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, қарқынды саяси диалогқа, өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген берік стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Түрлі саладағы, оның ішінде халықаралық аренадағы жан-жақты ынтымақтастығымыз достас халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая беретініне кәміл сенімдімін», — деп жазылған жеделхатта.

Ақорданың хабарына қарағанда, президент құттықтау соңында корольдің игі бастамасының бәріне толағай табыс, ал король отбасы мүшелері мен барлық британиялықтарға бақыт пен өркендеу тіледі.

Exit mobile version