Басты бет Жаңалықтар Президент Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне көңіл айтуға барды

Президент Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне көңіл айтуға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігіне барып, II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды, — делінген хабарламада.

Тоқаев, Елизавета II
Фото: akorda.kz

Айта кетейік, Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия королі ІІІ Карлға анасы II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Exit mobile version