Басты бет Жаңалықтар Президент Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы туралы айтты

Президент Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы жұмыс сапары кезінде Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы туралы айтты.

Фото: t.me/bort_01

Расында бұл – үлкен шаруа. Зардап шеккен азаматтардың бәрі үш айдың ішінде баспаналы болады деп уәдемді бердім. Оған күмәнім жоқ. Ол – бір. Екіншіден, Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына қатысты. Ең алдымен, осы мәселені шешейік. Содан кейін амандық болса, осы бір қасиетті жерге келіп, Ахмет Байтұрсынұлы бабамыздың рухына тағзым етіп, тойды өткіземіз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы жұмыс сапары кезінде.

Еске салайық, Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендермен кездесті. Кездесу барасында президент үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық шараларды қабылдайтынын айтты.

Exit mobile version