Басты бет Қоғам Қостанайдағы өрт 108 нысанды шарпып, Аманқарағайдағы мұнай базасына қауіп төніп тұр

Қостанайдағы өрт 108 нысанды шарпып, Аманқарағайдағы мұнай базасына қауіп төніп тұр

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: төтенше жағдайлар министрлігі

4 қыркүйек сағат 08.00-дегі жедел ақпарат бойынша өрт 108 құрылысты шарпып, зақымдаған.

3 қыркүйек сағат 16.00-ден бастап Озерное с. 8 тұрғын үй, 1 әкімшілік ғимарат, Лесное с. 1 тұрғын үй, Аманқарағай с. 98 тұрғын үй және шаруашылық құрылысты зақымдаған. Қазіргі уақытта «Аманқарағай» мұнай базасының аумағына өрт жете бастаған.

Аманқарағай ауылындағы (әкімшілік ғимарат) және Лесное ауылындағы мұнай базасының аумағындағы өрт сөндірілген. От бензин тиелген резервуарлар мен дизель отындарына көшкен жоқ.

Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрт оқшауланды, қазіргі уақытта жеке ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындар мен өрт сөндіруге қатысушылар арасында қаза болу жағдайы тіркелген жоқ.

Су ағызу құрылғылары үшін суды 25 шақырым қашықтықта орналасқан табиғи су қоймасынан алып жатыр. Өртті сөндіруге 21 рет су шашқан.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 4 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында жоғары температура 28 градус, желдің жылдамдығы секундына 9 метрге дейін жетеді.

3 қыркүйек күні метеорологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты оның ішінде ауа температурасының 36 градусқа, желдің жылдамдығы 23 метрге дейін көтеріліп, өрт аумағы 9 400 гектардан асты. Әулиекөл ауданындағы орман алқабының жалпы ауданы  — 40 000 га.

​Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елді мекендеріне қауіп төнді. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Озерное ауылынан (250 адам) және Аманқарағай ауылынан солтүстік бөлігінен (1000 адам), Калинино ауылынан (228 адам), Лесное ауылынан (363 адам) жалпы барлығы 1841 адам эвакуацияланды.

Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланған адамдарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастыруды ұйымдастырды.

Жағдайдың жақсаруына байланысты р-36 республикалық маңызы бар автожолындағы қозғалыс және темір жол (поездар) бойынша поездар қозғалысы толық қайта жанданды (№82, 43, 51, 37, 622 поездар, барлығы-908 жолаушы).

ТЖ министрлігі мен ТЖ департаментінде жедел желі ашылды, психологтарының жұмысы ұйымдастырылды.

Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтап жатыр.

Өртті сөндіруге 91 бірлік техника, 3 әуе кемесі, 5 өрт пойызы, жеке құрамның 600 адамы жұмылдырылды.

Exit mobile version