Басты бет Жаңалықтар Алматының бірнеше көшесінде үш күн ыстық су болмайды

Алматының бірнеше көшесінде үш күн ыстық су болмайды

Алматының Жетісу ауданында ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады. Бұл туралы "Алматы жылу желілері" ЖШС хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

2022 жылдың 6-9 қыркүйегі аралығында «Көкжиек» шағынауданы – Геологов – Первомайская Нефтебаза көшелері шаршысында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су берілмейді, — делінген хабарламада.

Шектеулер «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС қазандығына газ жеткізілетін газ құбырындағы жоспарлы жұмыстарға байланысты енгізіліп жатыр.

Exit mobile version