Басты бет Қоғам Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды

Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды

Президент Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды және өзі сайлауға баруға дайын екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Оның сөзінше, әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.

«Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ, мен көп ойланып, президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», — деді Тоқаев.

Тоқаев сонымен бірге парламент пен мәслихат сайлауын 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізуді ұсынды.

Exit mobile version