Басты бет Жаңалықтар Жамбыл облысындағы сарбаздар қаза тапқан әскери бөлім (Видео)

Жамбыл облысындағы сарбаздар қаза тапқан әскери бөлім (Видео)

ҚР Қорғаныс министрлігінің бұрынғы қызметкері өзінің Фейсбуктегі парақшасында Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаздарға қатысты видеоны жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.

Көрнекі сурет

Министрліктің бұрынғы қызметкері Жанар Колбачаеваның жазуынша, бұл ролик осыдан екі жыл бұрын Наурыз мейрамы қарсаңында түсірілген.

«Қазір Қорғаныс министрлігінде қызмет істемесем де, бұл қайғы жанды ауыртуда. Қаза тапқан азаматтардың барша туыстары мен жақын-жуықтарына көңіл айтамын. Бекем болыңыздар. Қабырғаны қайыстырған оқиға. Әріптестеріме журналистер сұрағына жауап беру де оңай емес екенін түсінемін. Олардың қатысуымен Наурыз мейрамы қарсаңында түсірілген роликті тағы да назарларыңызға ұсынғым келеді. Тағдырдың жазуы осылай болды, олар арамызда жоқ болғанымен, жүрегімізден өшпейді. Иманды болсын» деп жазды Жанар Колбачева.

Еске салайық, кеше 17 ақпанда Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапты.

«Қазіргі уақытта 91678 әскери бөлімінің қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметінің (барлығы 60 адам) оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы 75 адам, яғни құтқару қызметінің жеке құрамы және жеті арнайы техника Тараз қаласынан жөнелтілген. Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан жеті адамның мәйіті табылған», — деген еді ҚР ІІМ-нің төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Сондай-ақ премьер-министр Бақытжан Сағынтаев осы оқиғаға қатысты тергеу барысын өз бақылауына алатынын хабарлады.

https://www.youtube.com/watch?v=ZP1baaHjP3c

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version