Басты бет Қоғам Ұлттық қордағы табыстың 50%-і балалардың шотына салынады

Ұлттық қордағы табыстың 50%-і балалардың шотына салынады

Президент Тоқаев Ұлттық қордағы инвестициялық табыстың жартысы балалардың арнайы жинақтау шотына салынатынын айтты. Президенттің айтуынша, Қазақстан Республикасының азаматы 18 жасқа толған соң шоттағы ақшаны баспана немесе білім алуға жұмсай алады.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Видео скрині

«Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы», — деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.

Оның айтуынша, әр отбасы мемлекеттің ұлттық байлығынан үлесін алуы тиіс. Сондықтан «Ұлттық қор — балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады.

«Өскелең ұрпаққа үлкен өмірге жолдама беру үшін Ұлттық қордағы инвестициялық табыстың 50%-і балалардың шотына салынып отырады», — деді Тоқаев.

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады және халықтың игілігіне қызмет ететін болады.

Exit mobile version