Басты бет Жаңалықтар Президент 1 қыркүйекке дейін елге кіргізілген автокөліктер туралы айтты

Президент 1 қыркүйекке дейін елге кіргізілген автокөліктер туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы барысында Қазақстанға заңсыз кіргізілген көліктерді тіркеу үшін біржолғы шешім жасауды ұсынды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Президенттің айтуынша, елген автокөлікті заңсыз кіргізетін арналарды жабу үшін тиісті шараларды қабылдау керек.

Сонымен қатар биылғы 1 қыркүйекке дейін кіргізілген осындай автокөліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет. Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын сомада кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын. Бұл шаралар іздеуде тұрмаған және кедендік «тазартудан» өткен автомобильдерге қатысты болуға тиіс, — деді мемлекет басшысы.

Exit mobile version