Басты бетРеспубликаның үш...

Республиканың үш облысында жол жабылды

Шығыс Қазақстан облысында таңертеңгі сағат 09.00-ден бастап бұрқасын болып, жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан «Омбы-Майқапшағай» күре жолының 756-900 шақырым аралығы (Семейден Қалбатауға дейін), сондай-ақ «Өскемен-Семей» тас жолының 154-198 шақырым аралығы (Шүлбіге бұрылатын жолдан Семейге дейін) барлық автокөлік түрлері үшін жабық.

Алматы облысында да ауа райының бұзылуына байланысты «Үшарал-Достық» күре жолының 83-184 шақырым аралығына (Көктұмадан Достыққа дейін) барлық көлік түрлері үшін шектеу енгізілді.

Қарағанды облысында Қарағанды қаласынан Балқашқа дейінгі «Екатеринбург-Алматы» жолының 1492-1858 шақырым аралығы қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысына жабылды.

ДереккөзInform.kz