Басты бет Қоғам Baribar Media бір айлық уоркшоп-курсқа шақырады

Baribar Media бір айлық уоркшоп-курсқа шақырады

Журналист болып жұмыс істеп, тәжірибе алғыңыз келсе, бұл жоба сізге арналады. Уоркшоп-курста Baribar.kz редакциясында ақпарат жинау, өңдеу, хабарлау мен журналистік материалдар әзірлеу машықтары үйретіледі. Медиаресурстарда жұмыс істеуге жеткілікті тәжірибе жинақтаған қатысушылар осы портал редакциясына қызметке алынады.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Қазақ медиажобалар нарығы білікті әрі жетілуші маманға зәру. Редакцияларға жас, тәжірибесі жоқ маманды күнделікті өндіріс барысында оқытып-үйретіп алуға тура келеді. Бұл – қосымша ресурс. Осы себепті еңбек жолын енді бастағалы отырған журналистерге аса қажет практик білім мен машық бергіміз келеді. Курс офлайн, Алматыда.

  • Бір ай барысында аптаның үш күнінде, яғни барлығы 14 сабақта жобаға іріктелген адамдарға редакция жұмысында қолдана алатын машықтарды үйретеміз;
  • Болашақ медиамамандардың қазіргі кәсіби нарық талабына сай ақпарат жасаудан бастап танымдық-публицистикалық лонгридтер жазуға дейінгі білімдерін кеңейтеміз;
  • Редакцияның күнделікті жұмысына, ішкі шеберханасына бейімдейміз.

Жобадағы ментор – медиамәтіндер редакторы Болатбек Мұхтаров.

Уоркшоп-курсқа қатысуға 15 қыркүйекке дейін өтініш бере аласыз.

Exit mobile version