Басты бет Жаңалықтар Алматылықтар Конституция күнін қалай атап өтеді

Алматылықтар Конституция күнін қалай атап өтеді

Алматылықтар және қала қонақтары Конституция күнін атап өтуді 27 тамызда Trans Alatau Trail соқпағын жүріп өту бойынша 24 сағаттық марафоннан бастады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Марафон Visit Almaty туристтік хабында өтіп жатыр.

  • 28 тамыз, сағат 11:00-де Шоқан Уәлиханов алаңында Конституция күніне арналған флешмоб;
  • сағат 15:00-де Ганди саябағында «Елді асқақтар Ата-Заң!» атты мерекелік концерт;
  • 30 тамыз, сағат 11:00-де Mega Almaty сауда ойын-сауық орталығында,
  • сағат 12:00-де Шоқан Уәлиханов алаңында,
  • сағат 16:00-18:00 арасында Mega Park сауда ойын-сауық орталығында мерекелік концерттік бағдарламалар;
  • сағат 19:00-да Абай алаңында (Республика сарайы алдында) концерт өтеді;
  • сағат 20:00-де «Көктөбе» демалыс саябағында Jaidarman open air, КВН жастары өнер көрсетеді.

Exit mobile version