Басты бет Жаңалықтар Смайылов қантқа ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу мәселесін пысықтауды тапсырды

Смайылов қантқа ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу мәселесін пысықтауды тапсырды

Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов Павлодар облысында жаңа қант зауытын салу мәселесін пысықтауды тапсырды.

Фото: Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрлігі сауда министрлігімен, «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, қант зауыттарын жаңғырту және шикізат сатып алуға айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдікпен несие беру мәселесін пысықтасын. Сонымен қатар зауыттарға өнімді сату бағасының күрт өсуіне жол бермеу бойынша қарсы міндеттемелер белгілеу керек, — деп тапсырды Әлихан Смайылов.

Мұнымен қоса, үкімет басшысы Павлодар облысында жаңа қант зауытын салу мәселесін пысықтауды жүктеді. Бұл тұрғыда ауыл шаруашылығы министрлігі Павлодар облысының әкімдігімен, «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, өңірде қант қызылшасы өндірісінің көлемін кеңейту шараларын қабылдайды.

Сауда министрлігіне ішкі нарықты демпингтен қорғау үшін қантқа ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу мәселесін пысықтауды тапсырамын, — деді премьер-министр.

Exit mobile version