Қала әкімімен кездесуге келген Алмалы ауданының тұрғыны алматылықтарға мереке ұйымдастыруды ұсынды.
Ерболат Досаев биыл Қала күніне орай іс-шараларды өткізудің бағдарламасы әзірленіп жатқанын айтты.
Биыл қыркүйекте қала күнін тойлаймыз. Оның аясында мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылады. Дүйсенбі күні бағдарламаны бекітеміз,- деді қала басшысы.