Басты бет Жаңалықтар Тоқаев пен Әлиев Бакудегі қазақтың киіз үйіне кірді

Тоқаев пен Әлиев Бакудегі қазақтың киіз үйіне кірді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Баку көшелерінде серуендеді.

Фото: Akorda.kz

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Әзірбайжан президенттері Каспий теңізінің жағасын аралап көріп, мұнда орнатылған қазақтың киіз үйіне кірді.

Қазақстан көшбасшысының Әзірбайжанға ресми сапары аяқталмас бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев жылы қоштасты.

Тоқаев, Әлиев
Фото: Akorda.kz

Exit mobile version