Басты бет Жаңалықтар Физули қаласында Құрманғазы атындағы шығармашылық орталық салынады

Физули қаласында Құрманғазы атындағы шығармашылық орталық салынады

Қазақстан президентінің шешімімен Физули қаласында Құрманғазы атындағы шығармашылықты дамыту орталығының іргесі қаланады.

БОРТ №1 Telegram каналы

Бұл туралы БОРТ №1 Telegram каналы хабарлады.

Мемлекет басшысы қазақ халқының атынан жасалған бұл сыйлық елдеріміздің достығының, бауырластығының және өзара қолдаудың тағы бір нышаны болатынын атап өтті.

Өнер орталығының жалпы ауданы – 3 100 шаршы метр. Екі қабатты ғимарат 600 адамға арналған. Биыл қыркүйекте іргетасы қаланып, 2023 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі.

Физули қаласындағы Құрманғазы атындағы шығармашылық орталығы музыка және музыкалық аспаптар, заманауи технологиялар: жұмыс жабдықтары, 3D модельдеу, веб-дизайн, фото және видео курстар бағытында жұмыс істемек. Сонымен қатар кілем тоқуға, қолөнерге, түрлі спорт пен хореографияға баулитын сыныптар ашылады.

Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа шексіз алғысын айтып, Физули қаласының балалары үшін әлемдік деңгейдегі шығармашылық орталық болады деп сенетінін жеткізді.

Exit mobile version