Басты бет Жаңалықтар Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжанға барады

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжанға барады

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжанға ресми сапармен барады.

Фото: Akorda.kz

24 тамыз күні мемлекет басшысы Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады.

Әзірбайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады, — делінген хабарламада.

Exit mobile version