Басты бет Жаңалықтар Қазақстан сыртқы істер министрлігі Украина елшісіне наразылық білдірді

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Украина елшісіне наразылық білдірді

Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінде министрдің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскиймен кездесті.

Фото:t.me/pressmfakz

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында елшіге 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілді, — делінген хабарламада.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіні және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірілген.

Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс, — делінген хабарламада.

Exit mobile version