Алматы облысы әкімінің өкімімен Айгүл Ахметова жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ал Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасын Қуаныш Бақытұлы басқарады.
Асыл Ваисов Алматы облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Сонымен қатар аппарат басшысының бұйрығымен Самат Ахилбеков Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болды.