Басты бет Жаңалықтар Алматыда ұлттық ұланның әскери қызметшісі қаза болды

Алматыда ұлттық ұланның әскери қызметшісі қаза болды

Алматыда 3650 әскери бөлімінде 2001 жылы туған әскери қызметші қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болды.

Фото: Sputnik / Виталий Белоусов

Бұл туралы ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 22 тамызда сағат 15:15 шамасында Алматы 3650 әскери бөлімінің келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі Сабыров Абылай Берікұлы қызметтік міндетін атқару кезінде өзіне бекітілген Макаров тапаншасынан оқ жарақатын алған. Әскери қызметші алған жарақатының салдарынан қаза болды,- делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды.

Ұлттық ұланның бас қолбасшылығы мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады, — делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Exit mobile version