Басты бет Қоғам Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесіндегі Қазақстанның ресми өкілі тағайындалды

Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесіндегі Қазақстанның ресми өкілі тағайындалды

Серік Жұманғарин Қазақстанның Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесіндегі ресми өкілі болып тағайындалды.

Серік Жұманғарин. Фото: Kursiv.kz

Бұл жайында комиссияның ресми сайтында жарияланды.

Еуразия экономика комиссиясының кеңесінде Қазақстан атынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы Серік Жұманғарин өкілдік етеді, — делінген мәліметте.

Ресми хабарлама кеше Еуразия экономикалық комиссиясына келген.

Серік Жұманғарин таяуда ғана ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалған.

Exit mobile version