Басты бет Жаңалықтар Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі ұзарды

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі ұзарды

Алматыда Mudaraban Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі тағы бір айға ұзарды.

Фидео скрині. instagram.com/make_sakevich

17 тамызда күдіктіні іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 30 тәулікке, яғни 18 қыркүйекке дейін ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды, — деп хабарлады қалалық сот.

10 ақпанда Төребаев пен Шерниязовқа қатысты «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Сәуірдің 11-і күні Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасының қатысушысы ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін-өзі өртеп жіберді. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев оқиғаға түсініктеме бере отырып, жәбірленуші тергеу органдарына қысым көрсету үшін өзін-өзі өртеп жібергенін айтты.

Айта кетейік, аталған іске қатысы бар деген күдікпен танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов күдікті ретінде ұсталған болатын.

Exit mobile version