Басты бет Жаңалықтар Алматыда мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы пара алғаны үшін кінәлі деп танылды

Алматыда мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы пара алғаны үшін кінәлі деп танылды

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің Түрксіб ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы Н. Қарабалаев пара алуда көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Фото: Іnbusiness.kz

Бас маман жеке кәсіпкер (1-ші топтағы мүгедек) мен «З» қоғамының басшысынан арнайы салық режимін тастап, жеке кәсіпкердің шотынан тыйым салғаны үшін 260 мың теңге сомасында пара алды.

Н.Қарабалаевқа мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7.8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Exit mobile version