Басты бет Жаңалықтар Ерлан Ыдырысов қызметінен босатылды

Ерлан Ыдырысов қызметінен босатылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Ыдырысовты Қазақстанның бірқатар елдегі елші қызметінен босатты.

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды, — делінген хабарламада.

Ерлан Ыдырысов 2017 жылғы ақпанында Қазақстанның Ұлыбританиядағы және Солтүстік Ирландиядағы елшісі болып тағайындалған еді.

Exit mobile version