Басты бет Жаңалықтар Кәсіпкер өлімі: күдіктілер ұсталған сәттің видеосы жарияланды

Кәсіпкер өлімі: күдіктілер ұсталған сәттің видеосы жарияланды

Фото: БҚО ПД баспасөз қызметі

Кадрларда үй ауласында екі ер адамның қолдары кісенделіп, жерде жатқанын көруге болады. Олардың қасында полиция арнайы бөлімшесінің бірнеше қызметкері тұр. Кейін күдіктілерді арнайы көлікпен алып кетеді.

Еске салайық, оқиға 6 тамызда кешке болған еді. Еркін Мұханғалиевтің мәйіті П.Атоян атындағы стадион тұрағынан табылған болатын. Кәсіпкерге кафеде шабуыл жасалғаны анықталды.

Кейінірек күдіктілердің жеке басы анықталды, олар — кісі өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді.

Exit mobile version