Сонымен бірге жол жабындысын төсеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 7 тамызда 23:00-ден 8 тамызда 06:00-ге дейінгі аралықта Розыбакиев көшесінің Березовский көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі. Аталған жұмыс орташа жол жөндеу жұмысы аясында жоспарланған болатын. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Алматыда жол жөндеу жұмысына байланысты қандай көшелер ішінара жабылады?
Алматыда жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 6 тамызда 23:00-ден 7 тамызда 07:00-ге дейінгі аралықта Әлихан Бөкейханов көшесінің Тұрар Рысқұлов даңғылынан Серіков көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша толық шектеледі.