Басты бет Жаңалықтар Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде 37 градусқа дейін ыстық болады

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде 37 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алдағы күндері, Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің қалған бөлігінде ұзақ уақыт бойы ауа-райын, оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер анықтайды. Мұнда жаңбырлы ауа райы болжанады. Найзағай, екпінді желмен қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, қатты жел болуы мүмкін.

Температуралық фон ерекше өзгерістерге ұшырамайды. Күндіз батыста +30 +37 градус, оңтүстік-батыста +27 +37 градус, солтүстік-батыста +27 +35 градус, солтүстікте, шығыста +22 +30 градус, орталықта +20 +28 градус, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, елдің шығысында +30 +35 градус, ал таулы аймақтарда +25 градус шамасында ыстық болжанады.

Exit mobile version