Басты бет Жаңалықтар Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы төмендеді

Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы төмендеді

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы төмендеп, 475- 479 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: Matritca.kz

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтанда 1 доллар 474 – 479 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 475 – 480 теңге аралығында құбылып тұр.

3 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа 0,42 теңгеге қымбаттап, 476, 07 теңге болған.

Ұлттық банктің 4 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476, 27 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,4 – 7,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Exit mobile version