Басты бет Жаңалықтар Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 11 тамызға ауысты

Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 11 тамызға ауысты

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды.

Фото: 24kz

Сот отырысы бүгін, 3 тамызда Атыраудағы №2 сотта басталып, небәрі 20 минутқа созылды.

Сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды. Бұған Бақытгүл Хаменованың айыптау актісінің көшірмесін алмауы себеп болған.

Еске салайық, экс-шенеунік «пара алды» деген күдікке ілініп, тергеу абақтысына қамалған еді. Бақытгүл Хаменовамен бірге мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Акылбек Рысқалиев та қамауда отыр.

Exit mobile version