Басты бет Жаңалықтар Innova Gold қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар қамауға алынды

Innova Gold қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар қамауға алынды

Innova Gold қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар екі айға қамауға алынды. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. 

Иллюстрация: Dribbble.com/©Maria Kotyshova

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы бойынша департаменті Innova Gold қаржы пирамидасының жолын кесті. Салымшылардың жалпы саны 1 300-ден астам адам. Қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталып жатыр.

Ұйымдастырушыға қатысты «2 айға дейін қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды, — делінген ведомство хабарламасында.

Innova Gold қызметінен зардап шеккен азаматтар ҚР қаржы мониторингі агенттігінің сенім телефонына немесе аумақтық департаменттерге хабарласа алады.

Exit mobile version