Басты бет Жаңалықтар 4 тамызда Алматының «Антикор орталығында» азаматтарды қабылдау өтеді

4 тамызда Алматының «Антикор орталығында» азаматтарды қабылдау өтеді

2022 жылғы 4 тамызда сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін "Адал көмек" жобасы шеңберінде Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сервис орталығында азаматтарды қабылдау өтеді. 

Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы департаменті

Жобаның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызы бар мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтық көмек көрсету.

Іс-шара барысында жалпы тұрғын үй мәселелері бойынша тегін заң көмегі көрсетілетін болады.

Құқықтық кеңес көрсететін: Алматы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Қырықбаев Данияр Батанович.

Мекен-жайы:» Аntikor ortalyǵy»,  Жібек жолы көшесі, 15 (қиылысы Барибаева).

Анықтама және онлайн тіркелу үшін байланыс телефондары: WhatsApp +7(707) 993 16 03.

Exit mobile version