Басты бет Жаңалықтар Атырау облысында суға батып кеткен әкімнің денесі табылды

Атырау облысында суға батып кеткен әкімнің денесі табылды

1 тамызда кешке Жайық өзенінен Махамбет ауданы әкімінің денесі табылды.

Фото: Azh.kz

Құзырлы органдар осы дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Ринат Жанқылыш 2021 жылғы ақпанда Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалған болатын.

Ринат Бауыржанұлы өз ісінің кәсіби маманы ретінде әріптестерінің есінде қалады. Атырау облысының әкімі, барша әріптестер Ринат Бауыржанұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне орай марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш суға батып кеткені хабарланған болатын.

Exit mobile version