Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық спортшы еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Камиль Куруглиев еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

Фото instagram.com/kazakhstan__wrestling

Бұл туралы Kazakhstan Wrestling сайты хабарлады.

17 жасқа дейінгі 92 келіге дейінгі чемпионат финалында Камиль венгр спортшысы Мұса Арсункаевпен кездесті. Қазақстандық палуан 11:00 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік қазақстандық палуанның әкесі Магомед Куруглиев – 84 келіге дейінгі салмақта 2005 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Exit mobile version