Басты бет Жаңалықтар Нұр-Сұлтандағы әуежайға жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті

Нұр-Сұлтандағы әуежайға жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті

Полицияға Нұр-Сұлтан әуежайында бомба бар деген жалған ақпарат түсті. Хат әуе айлағының электрон поштасына келген.

©azattyq.org

28 шілде сағат 09:46-да «102» арнасына авиация қауіпсіздігі қызметінен әуежай аумағына қолдан жасалған жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Бомба туралы хат әуежайдың электрон поштасына жіберілген, — делінген елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Құқық қорғау органдары тексеріс жүргізді. Жарылғыш зат табылған жоқ.

Нұр-Сұлтанның полиция департаменті мина қойылғаны туралы жалған ақпарат қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Exit mobile version