Басты бет Жаңалықтар Марста қала салынады (Фото)

Марста қала салынады (Фото)

Алдағы 100 жылда Біріккен Араб Әмірлігі Қызыл ғаламшарға адамдар жіберіп, шағын қала салуды жоспарлап отыр. Аталмыш жоспар «Марс-2117» жобасы аясында іске аспақ, деп хабарлайды Baq.kz.

Қаланың жоба эскиздері интернетте таралған. Жаңа бағдарламаның іске қосылғаны туралы БАӘ премьер-министрі әрі Дубай әмірі шейх Мохаммед бен Рашид Аль Мактум мен Әбуд-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мохаммед бен Заид Аль Нахайян мәлімдеді.

Марстағы қалаБасшылықтың айтуы бойынша, бұл жоба XXI ғасырда ғылым мен технологияны дамытуға, жастардың білімге деген құлшынысын арттыруға бағытталған.

«Марс-2117» жобасы аясында БАӘ ұлттық университеттері базасында ғылыми-зерттеу орталықтары құрылып, елдің ғылыми-техникалық базасы күшейтіледі деп болжануда. Аль Мактумның айтуынша, Әмірлік ғарыш ғылымына ең көп инвестиция құятын тоғыз елдің қатарына кіреді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version